Алматыда алғаш рет құмнан жасалған мүсіндер фестивалі өтті

Фотография - Алматыда алғаш рет құмнан жасалған мүсіндер фестивалі өтті

Мереке күндері алматылықтар үшін түрлі шаралар ұйымдастырылған.

276 0

Соның бірі – Sand Fantasy құмнан жасалған мүсіндер фестивалі. Мұндай шара осымен 20 жылдан астам уақыт әлемнің бірқатар мемлекетінде өткізіліп келеді. Ал қазақ елінде тұңғыш рет қолға алынып отыр.

Sand Fantasy құмнан жасалған мүсіндер фестивалінде 12 түрлі туынды көпшілік назарына ұсынылды. Бұл жерде мультфильмдердің таңғажайып кейіпкерлерін көре аласыз. Жұрттың назары ауған мүсіндерді Бельгия, Франция және Канадада өткен байқау жеңімпаздары 3 күн бойы жасаған. Қажетті материалды мамандар химиялық сараптамадан өткізіп барып мұқият таңдаған. Осындай жұмыстың нәтижесінде шеберлер 7 метрлік қамал тұрғызды.

Дмитрий Кононенко, Sand Fantasy құмнан жасалған мүсіндер фестивалінің ұйымдастырушысы:

"Құм – тез үгітілетін өте жұмсақ материал. Мүсін мейлінше ұзақ сақталуы үшін арнайы желіммен жабыстырамыз. Жаңбыр жауған сайын мүсінді жаңғыртып тұру керек".

Құмнан жасалған мүсіндер қаланың заманауи сәулетіне келісіп тұр. Мұнда «Кинг Конг», «Аватар», «Трансформерлер» сынды фильмдердің кейіпкерлерін кездестіре аласыз. Қызықты шара келер жылы да жалғасын таппақ. Бірақ ұйымдастырушылар әзірге оның тақырыбын құпия сақтап отыр.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!