БҚО-да "Жолдау қабылдау" акциясы өтіп жатыр

Фотография - БҚО-да "Жолдау қабылдау" акциясы өтіп жатыр

Акцияға Жәнібек аудандық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты

332 0

Қоғам алдында құқық қорғау органдарының имиджін және тұрғындардың полиция қызметіне сенімін арттыру мақсатында, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелеріне қатысты заңнаманың нормаларын түсіндіру және тұрғындарға консультативті көмек көрсету үшін Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызмет.

Акцияға Жәнібек аудандық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Қатысушыларға жол-көлік оқиғасының зардаптары туралы бейне материалдар көрсетіліп, жол қозғалысы бағытындағы соңғы өзгерістер туралы түсіндірілді.

Одан "Жолда қабылдау" жұмысы Жәнібек ауылының орталығында жалғасын тапты. Бұл жұмысқа белсене қатысқан жас жол инспекторларының жасағы жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережесін сақтау қажеттілігін түсіндіре жүріп, қолдарындағы жол қозғалысы ережесін насихаттау бағытында дайындалған көрнекі құралдарын тарту етті.

Акция барысында бірнеше сайыстар ұйымдастырылған болатын. Сайыс нәтижесі бойынша "Ауданның үздік жүргізушісі" номинациясын ауыл тұрғыны Есенгелді Шағиров есімді азамат иеленсе, "Жүргізуші кадрларын дайындау бойынша үздік оқытушы" атағы Ерболат Тургалиев есімді азаматқа берілді.

Жалпы кездесуге жұмыс тобымен 90-ға жуық адам қатысты. Сондай-ақ, әкімшілік полиция қызметін жақсарту бойынша азаматтардан сауалнама алынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!