Таразда әйелдің ақшасын тартып алғандар 10 минутта ұсталды

Фотография - Таразда әйелдің ақшасын тартып алғандар 10 минутта ұсталды

Оқиға куәгері болған азамат дер кезінде медициналық көмек алды, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, қазіргі уақытта ем алуда.

645 0

Кеше сағат 14.20-да Тараз қалалық ішкі істер басқармасы ЖБО-ның "102" тетігіне белгісіз әйелден өз үйінің маңында қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Оның айтуы бойынша, белгісіз екі адам қарумен қауіп төндіріп, оның туыстарына алымп бара жатқан 2,5 миллион теңгеден астам ақшасы бар сөмкесін тартып алған. Оқиға орнына шұғыл түрде "Қайсар" жедел қимылдайтын тобы мен Тараз қалалық ІІБ 2-ПБ ЖТТ жіберілді. Жәбірленуші полицияға хабарласқанға дейін белгісіз адамдарды ұстауға тырысқан 22 жастағы ер адам оқиғаның куәгері болған. Қарақшыларды қуу барысында ол аяғына атылған оқтан жарақат алған.

Қылмысты жасаған күдіктілер  оқиға орнына жақын жерден ұсталды. Оларды іздестіру және ұстауға 10 минутқа жуық уақыт кеткен.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-ның 192-бабы 3-б. 2-т. (қарақшылық шабуыл) және 287-бабы 1-б. (қаруды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Оқиға куәгері болған азамат дер кезінде медициналық көмек алды, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, қазіргі уақытта ем алуда.

Бүгін Жамбыл облысы ІІД бастығының кадр жұмыстары жөніндегі орынбасары Қалижан Шоңғарбаев жарақат алған жас жігітке барып, оның жағдайын сұрап қайтты. Оған белсенді азаматтық ұстанымы мен немқұрайлылық танытпағаны үшін, сондай-ақ оның анасына осындай ұлды тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.

"Оның жасаған әрекеті үлгі тұтарлық қадам болып табылады. Қылмыскерлерді қолға түсіру бойынша әрекеттестік танытқаны үшін біз оны  Ішкі істер министрлігінің арнайы марапатына  ұсынатын боламыз", деді Қалижан Шоңғарбаев.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!