Алматы зообағындағы Құралай атты жолбарыс сауыға бастады

Фотография - Алматы зообағындағы Құралай атты жолбарыс сауыға бастады

Жануар берген асты жей бастаған

564 0


Алматы зообағындағы Құралай атты ұрғашы жолбарыс дертінен айыға бастады. Бұл туралы Today.kz тілшісіне мекеме директорының орынбасары Ақбай Әжібаев хабарлады. Оның айтуынша, жануардың тәбеті ашылып, өз күшімен вольер ішінде жүре алатындай болды.

Әжібаевтың сөзінше, жолбарысқа кешенді емдеу жүргізілген. Әзірге ол тамақ нормасының жартысын ғана жеуде. Бірақ төрт ай ауырғаннан кейін ол әлі әлсіз. Ендігіде жолбарыстың толық айығып кететіндігіне сенім бар.

Директор орынбасары жолбарыспен болған жағдайдан кейін барлық жануарлар тексеруден өткізілгендігін айтты. Алдын алу мен емдеу шаралары аясында жануарларға дәрі-дәрмек пен дәрумендер берілген.

Естеріңізге салсақ, жануардың ауыр жағдайы туралы сәуір айында белгілі болды. Содан бері жолбарыстың жағдайы бей-жай отыра алмаған қазақстандықтарды алаңдатып жүрді. Ал наурыз айында зообақта алты бірдей барыстың өлгені белгілі болды. Бұның себебі ретінде нысан жетекшілігі қызыл кітапқа енген сирек жануарларды асырау орны қате таңдалғандығымен түсіндірді. Бұл жағдайларға байланысты қазақстандық белгілі шоу-мен Нұртас Адамбай зообақты жауып тастауды ұсынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!