Жыл басынан бері Астанада екі мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Фотография - Жыл басынан бері Астанада екі мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, білім, сауда, денсаулық сақтау, құрылыс және қызмет көрсету салаларында сұраныс бар

193 0

Жыл басынан бері Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығына 4627 адам жүгінген, 3283 адам немесе 70,9% әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, 2062 адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, білім, сауда, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтану, құрылыс және қызмет көрсету салаларында сұраныс бар.

Әлеуметтік салада 62 адам жұмысқа орналастырылды, 220 қала тұрғыны жастар практикасына жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға 919 адам тартылса, 302 адам кәсіптік және қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін арттырмақ. 

Тігін жабдығының операторы, мектепке дейінгі білім тәрбиешісі қызметтеріне кадрлар жетіспеушілігі байқалады, сонымен қатар, полиция қызметкерлері мен медициналық персоналға сұраныс жоғары.

Жұмысқа орналасу мәселесімен Бейбітшілік көшесі, 25 мекен жайы бойынша орналасқан Жұмыспен қамту орталығына жүгінуге болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!