Қыздар арасында өтетін құран жарысының жүлде қоры 3 500 000 теңге

Фотография - Қыздар арасында өтетін құран жарысының жүлде қоры 3 500 000 теңге

Сайысқа қатысушылардың ең кішісі 7 жаста

1483 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен республикамызда тұңғыш рет қыздар арасында қасиетті Құранды жатқа оқудан бәйге жарияланған болатын.

Мамырдың 5 күні "Нұр-Мүбарак" университетінде өтетін сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден аса үміткер қатыспақ. Олардың ең жасы 7 жаста болса, ең үлкені 54 жаста.

Сайыс екі күнге созылады. Қасиетті Құранның 1,2,3,5,10 паралары бойынша өтпек. "UMMET" қоғамдық қорының қолдауымен жүлде қоры – 3 500 000 теңге.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің»,-десе, халқымыз «Қыз бала тәрбиесі – бүкіл ұлты тәрбиесі»,-деген. Ендеше ертеңгі имандылықтың туын көтеретін тұңғыш сайыс туралы ақпарат сіздерді бей-жай қалдырмайды деген сенімдеміз", - делінген діни басқарманың таратқан хабарламасында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!