Жүргізушілер айыппұлды POS-терминал арқылы төлей алады

Фотография - Жүргізушілер айыппұлды POS-терминал арқылы төлей алады

Қазақстанда аналогы жоқ қызмет азаматтарға қолайлы болуы үшін жасалған, өйткені, кез келген жүргізуші ұсақ құқық бұзушылық жасауы мүмкін

205 0

Елордада әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдарды қолма-қол ақшасыз төлеуге арналған жылжымалы POS-терминалдар таныстырылды. Аталған жүйе барлық банктік карталарды қабылдайды және елордалық көлік әуесқойлары айыппұлды сол жерде төлей алатын болды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстанда аналогы жоқ қызмет азаматтарға қолайлы болуы үшін жасалған, өйткені, кез келген жүргізуші ұсақ құқық бұзушылық жасауы мүмкін. Айыппұл төлеу процедурасын жеңілдету үшін POS-терминалдардың жаңа үлгілері сатып алынды.

- Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері оқудан өтті және қазірдің өзінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін сол жерде айыппұл төлеу үшін 30 POS-терминал пайдаланылып жатыр. Бұл пилоттық жоба тек Астанада ғана қолға алынған, - деді Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы автоматтандыру және электрондық қызметтер бөлімінің басшысы Нұржан Әділов.

Алғашқы жеті күннің ішінде сол жерде айыппұл төлейтін жүргізушіге 50% жеңілдік жасалады. Терминал арқылы төлегені үшін комиссия мөлшері айыппұл сомасының 1,5% құрайды. Егер айыппұл мөлшері 5,250 теңге болса, 79 теңге комиссия алынады.

POS-терминалдар сырттай сенсорлы телефондарға ұқсайды. Оларды пайдалану оңай – хаттаманың номері мен айыппұл мөлшерін енгізу керек, ал басып шығарған кезде комиссия мөлшері көрсетіледі. Терминалдарды зарядтаудың қажеті жоқ, күн соңында олар нәтижелерді санайды, сондай-ақ, қанша чек лентасы қалғаны туралы алдын ала ескертеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!