Алмалы ауданында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні тойланды

Фотография - Алмалы ауданында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні тойланды

Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі – жыл сайын 1 мамыр күні атап өтілетін мемлекеттік мейрам.

237 0

Алмалы ауданы әкімінің аппараты ынтымақтастық, бейбітшілік, бірлік мерекесіне  "Арбат" алаңында  қала қонақтары мен аудан тұрғындарының басын қосты. 

Бүгін біздің мемлекетіміз айтулы мереке – Қазақстан Халқының бірлігі күнін тойлауда. Бұл күні Отанымыздың бүкіл қалалары мен ауылдарында этнос өкілдері өздерінің бірлігін, ынтымақтастығын, гүлденуші, тәуелсіз де еркін Қазақстан Республикасын ортақ үйлері ретінде көруге деген ынталарын кезекті рет көрсету үшін бас қосты! 

Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов "Осы мереке күні баршаңызға, отбасылары мен жақындарыңызға береке, бірлік, бақыт пен бейбітшілік тілейміз! Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлденіп, дами берсін!» деп келген қонақтарға жылы тілегін жеткізді. 

Мереке аясында Алматы индустрия колледжінің студенттері ұйымдастырған, "Қазақ елі осындай» атты әнді  Әбдіқадыр Айгерімнің орындауымен «Бірлігі жарасқан мәңгілік ел – Қазақстан!" атты флэшмоб пен AVON косметикалық компаниясының бастамасымен "Avon-мен бірге зумба биле"   би марафоны өткізілді. Көрермендерге  Zumbadance бойынша ұйымдастырылған шеберлік сағаты мен түрлі байқауларда бақ сынап, бағалы сыйлықтар мен ерекше көңіл күйді иелену мүмкіндігі ұсынылды. 

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

Мерекелік шарада Халықаралық байқаулардың жеңімпазы "Мөлдір" би ансамблі, Республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің студенті Бақытжамал Байымбетова, қазақстандық эстрада мен аудан бойынша көркем өнерпаздар: Әсел Сәбит, Адия Нұртаева, АманбекРамазан, Оспанәлі Нұртаев, Гүлдана Ескендірова мен Сәнім Қожабай, Ермек Мұқашев, Аягөз Тоқшаева, Мерей Жанайбай, Ксения Архипова, Алтынай Елубаева, Бақберген Тлеуғалиев, Диас Майкеев, Майя Когай мен Серік Сембаев, Назар, Рустем Иманберлиев; Алина Сансызбай, "Күш шуақ – 2016" Республикалық байқауының бас жүлдегері Әйгерім Есмырзаева өнер көрсетті. 

Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі – жыл сайын 1 мамыр күні атап өтілетін мемлекеттік мейрам. Егемендікке қол жеткізгеннен бастап ол берік достықтың, біздің халқымыздың ұлт пен дініне қарамастан ынтымақтастығының символына айналды. Мықты, гүлденуші әрі бай мемлекетте өмір сүре отырып, қазақстандықтар еліміз бен балалардың жалпы ынтымақтастығының бұзылмасына, келешекке әр уақытта сенімді. 

Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі баршаны біріктіреді. Осы бір айтулы күні Қазақстандықтар өз жетістіктерімен бөліседі. Ақ түйенің қарны жарылған бұл күні бір шаңырақ астына Қазақстан халықтарының мәдениеті, салт-дәстүрлері бірігеді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Алматы қаласы да өзінің мыңжылдық мерейтойын атап өтуде. Тарихи дереккөздер мен археологиялық деректер көрсеткендей, бұл жерде тіршілік 1000 жыл бұрын басталып, біздің қаламыз Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі орталықтардың бірі болған. Қаланың мерейтойы ЮНЕСКО-ның мерейтойлық күндерінің тізіміне енгізілген.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!