Бақылаушы кеңес: "Алматы Универсиадасы FISU тарихындағы үздіктердің бірі болады"

Фотография - Бақылаушы кеңес: "Алматы Универсиадасы FISU тарихындағы үздіктердің бірі болады"

FISU-дің басшылары Универсиада нысандарындағы құрылыс қарқынына қанағаттанғандықтарын жеткізді.

233 0

Алматы әкімі Бауыржан Байбек студенттік спорттың Халықаралық федерациясы Бақылаушы кеңесінің (FISU) басшыларымен кездесті. Атап өтерлік жайт, бұл FISU-дің Бақылаушы кеңесі басшыларынының Алматыға жасаған алғашқы инспекциялық сапары.

Кездесу барысында тараптар Алматыда 2017 жылы өтетін 28-ші Қысқы Универсиадаға дайындықтың аралық кезеңінде атқарылған жұмыстарды қорытындылады және ортақ істің жоспарын талқылады.

"Универсиада нысандарының құрылысы 80% -ға аяқталды. Қазірдің өзінде спорт кешендері мен инфрақұрылымдарды болашақта пайдалану мәселелері шешілуде, бұл іске бизнес белсенді түрде тартылуда. Универсиада объектілеріндегі құрылыс жұмыстары одан әрі жалғасады және FISU -дің ұснысытары аясында жүзеге асады", - деп атап өтті әкім.

Өз кезектерінде Бақылаушы кеңес мүшелері Алматыда өтетін қысқы Универсиаданың оған қатысушы елдердің саны жағынан қазірдің өзінде рекордтық көрсеткішке жеткенін айтты. Мысалы, жарысқа қатысу үшін 64 ел тіркелген.

Кездесуде Бақылаушы кеңес төрағасы, FISU-дің вице- президенті Мариан Дымальский жарысқа дайындық жоспарлы режимде жүріп жатқанын жеткізді: "Біз кеше Универсиада дирекциясымен кездестік. Барша команда бір ғана мақсат жолында - Универсиаданы жоғары деңгейде өткіз үшін жұмыс істеуде"-, деді ол.

FISU-дің қысқы Универсиадалар директоры, Бақылаушы кеңес мүшесі Милан Августин студенттік ойындардың Алматы мен Қазақстанның халықаралық имиджін нығайта түсетінін қадап тұрып айтты: «Біз қазірдің өзінде өтініш берген 60-тан асқан елдің 2017 жылы өтетін Универсиадаға өте риза болатындықтарына сенімдіміз. Қазақстан -әлемге дамыған экономикасымен ғана емес, спорттағы ірі жетістіктерімен де танымал өте үлкен ел. Мұнда Олимпиада жеңімпаздары көп, Универсиада барысында да сіздер өз елдеріңіздің тек жақсы жақтарын ғана көрсететіндеріңізге және осы Универсиаданың FISU тарихындағы үздіктердің бірі болатындығына сенімдімін", - деп атап өтті.

FISU-дің басшылары Универсиада нысандарындағы құрылыс қарқынына қанағаттанғандықтарын жеткізді.

"Біз Атлеттер ауылына, 12 мың орынды Мұз сарайына инспекторлық бақылау жасадық. Құрылыс барысына ризашылық білдірдік. Қысқы универсиадаларды өткізу жөнінен жинақтаған мол тәжірибеміз бар. Сол тұрғыдан қарасақ, Алматыда өтетін Универсиада жоғары деңгейде ұйымдастырылған әдемі спорттық шаралардың біріне айналады деп ойлаймыз", - деді FISU-дің Бақылаушы кеңесі төрағасының орынбасары Кайрис Ульп ханым.

Кездесу барысында FISU-дің Бақылаушы кеңесінің басшылығына қысқы Универсиадағы дайындықтың түрлі бағыттар бойынша аралық кезеңде атқарылған жұмыстарының қорытындылары көрсетілді, олар: аккредитациялау, спорттық сервис, брендинг, волонтерлерді даярлау, тасымалдау, ақпараттық және медициналық қамтамасыз ету, орналастыру, тамақтандыру, жарыстың ашылу және жабылу рәсімдері және басқалар.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда XXVIII Қысқы Бүкіләлемдік Универсиада өтеді. Оған қатысушылар қаланың 8 спорт нысанында спорттың 12 түрінен сайысқа түседі. Жалпы, халықаралық деңгейдегі алқалы жарысқа әлемнің 64 елінен 2000-нан астам адам қатысады.






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!