Қыздар арасында І республикалық Құран жарысы басталды

Фотография - Қыздар арасында І республикалық Құран жарысы басталды

Сайысқа республиканың әр аймағынан іріктелген 160-тан аса үміткер қатысуда.

872 0

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен "Нұр-Мүбарак" университетінде Құранды жатқа оқудан қыздар арасында тұңғыш рет республикалық жарыс өтуде. 

Сайысқа республиканың әр аймағынан іріктелген 160-тан аса үміткер қатысуда. Олардың ең жасы 7 жаста болса, ең үлкені 54 жаста. Жарысқа қатысушылардың Құранды жатқа айтуына, оқу қырағаты, тәжуиді мен көркем оқу қабілеті бағаланады. Сондай-ақ оқыған аяттарының мағынасы (тәпсірі) сұралады.

Бас мүфти игі шара барысында елдің болашағы бүгінгі қыз баланың, ертеңгі ананың қолында екенін тілге тиек етіп, қыздар арасындағы І республикалық Құран жарысының ашылуымен құттықтады.

«Бүгін міне елімізде тұңғыш рет қасиетті Құран жаттаушы қыздарымыздың арасында республикалық бәйгенің тұсауын кесейік деп отырмыз. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің», – десе, халқымыз «Қыз бала тәрбиесі – бүкіл ұлт тәрбиесі», – деген. Білімді әйелден, білікті ұрпақ тарайды. Демек, сіздердің әрқайсыларыңыз бір-бір медресе, академияның қызметін арқалаған, отбасының берекесін келтіруші аманат иелерісіздер. Сондықтан бүгінгі тұңғыш қасиетті Құран сайысына сәттілік тілеймін. Алла Тағала жар болсын!», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Сайыс екі күнге созылады. Қасиетті Құранның 1,2,3,5,10 паралары бойынша өтуде. "UMMET" қоғамдық қорының қолдауымен жүлде қоры – 3 500 000 теңге.

Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Нұр-Мүбарак университетінің ректоры доктор, профессор Жуда Абулғани Басюни, "Нұр-Мүбәрак" ислам мәдениеті университетінің проректоры Шамшидин Керім, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет, ҚМДБ діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев қатысты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!