Елордада Ұлы Жеңіс күніне арналған шаралар өткізілуде

Фотография - Елордада Ұлы Жеңіс күніне арналған шаралар өткізілуде

Мерекелік шараларға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар, тыл еңбеккерлері қатысты

1069 0

Бүгін қалалық мектептерде Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар басталды. Білім мекемелерінде соғыстың тарихы, ерлік жасаған батырлар туралы сабақтар, спорттық шаралар, музыкалық байқаулар мен концерттер өткізілуде, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Оқушылар № 19 мектепте "Ұранды елдің, ұрпағы қайсар" спорттық шарасына қатысып, №71 мектеп-лицейде "Мен сені сүйемін, Қазақстаным" вокалдық-музыкалық байқауында сайысқа түсті. Балалар сап түзеп жүріп, соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Сонымен қатар, № 67 мектеп-гимназиясында "Никто не забыт, ничто не забыто" атты концерт көпшілік назарына ұсынылды.

Фото -

Мерекелік шараларға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар, тыл еңбеккерлері қатысты. Жауынгерлер балаларға соғыс жылдары, елімізде бейбітшілік үшін қалай күрескендері туралы айтып берді. Ардагерлердің өмірі кітаптардағы әңгімелерге ұқсас, бірақ қиындықтар өмірде шынымен де болған.

Мұндай шаралар мектептерде жыл сайын өткізіледі. Бұл балаларды патриоттыққа, бейбітшілік үшін күрескен соғыс ардагерлерін құрметтеуге тәрбиелеуге көмектеседі, сондай-ақ, еліміздің тарихы мен қалыптасуы туралы ақпарат береді.

Мерекелік шаралардың соңында балалар соғыс ардагерлерімен суретке түсті. Өз кезегінде ардагерлер өскелең ұрпаққа тілектерін білдірді.

– Барлық ардагерлерге, қала тұрғындарына және барша қазақстандықтарға зор денсаулық, ашық аспан тілеймін. Еліміз гүлдене берсін,- деді ҰОС ардагері Мысалы Махамбетов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!