Елордада Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Фотография - Елордада Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Айтулы шараны Қазақстан велоспорт федерациясы мен "Астана" президенттік спорт клубы бірлесіп ұйымдастырды.

571 0

Астанада Жеңістің 71 жылдығына арналған мерекелік велошеру өтті. Бұл туралы bnews.kz хабарлады.

Велошеру сөресі "Салтанат сарайы" маңынан басталып, Қабанбай батыр көшесі арқылы "Сарыарқа" республикалық велотрегіндегі мәреден аяқталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция халықты спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға, велоспортты насихаттауға бағытталған. Бұдан бөлек, мерекелік шара Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұлы ерлігіне тағзым етуді көздейді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде велоспорттың танымалдылығы артып келеді. Мәселен, Алматыда өткен соңғы велошеруге үш мыңнан астам адам қатысқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!