Шымкент әкімі шағымы бар 70 шақты тұрғынды бір мезетте қабылдады

Фотография - Шымкент әкімі шағымы бар 70 шақты тұрғынды бір мезетте қабылдады

Алғашында әкімдік күзетіндегілер қабылдауға кірмек болғандарға ішке ұялы телефонмен кіруіне тыйым салған.

376 0

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бір мезетте шағымы бар 60-70 шақты тұрғынды қабылдады. Өйткені тұрғындар әкімдік алдына жиналып, кей мәселелерде өз наразылықтарын білдірмек болған деп хабарлайды nur.kz порталының аймақтағы тілшісі.

Алғашында әкімдік күзетіндегілер қабылдауға кірмек болғандарға ішке ұялы телефонмен кіруіне тыйым салған. Алайда тұрғындар "онда ішке кірмейміз" деп бірауыздан қайта сыртқа шығып кетті. Арада аз ғана уақыт өктен соң әкімдік қызметкерлері тұрғындарды қайта шақырып, телефонмен әкімдік ғимаратына кіруіне рұқсат етті.

Қабылдауға келген наразылық тобы қаланың абаттандырылуы, тіл және өзге де өзекті мәселелерді, сонымен қатар жолақының қымбаттау себебін де білгісі келген.

Кездесуге қатысқандардың сөзінше, Әбдірахымов екінші сыныптан бастап неміс тілін үйренгенін, «Болашақ» бағдарламасымен шет елде білім алғанын, білім алуға ерінетін қазақтарға қапалы екенін айтқан.

Одан өзге ол Шымкент – өзіне ыстық қала болып табылатынын да жасырмаған. Бір қызығы, талай қызметті атқарған Әбдірахымов әкім болу үшін биліктегілерден өзі сұранып келіпті.

"Басқа облысқа да баруыма болар еді. Мен Шымкентке сұрандым. Себебі менің туып-өскен жерім", - деп әкімнің Шымкентті мақтай түскенін қабылдауда болғандар жарыса айтуда.

"Я пришел сюда не зарабатывать, а пришел работать" деп сөзін бастаған әкімнен кездесуге келгендер қазақ тілінде сөйлеуін талап етті.

Кездесуге келгендердің айтуынша, әкім Әбдірахымов тұрғындардың ол талабына алғашында "а это важно" дегенімен, кейін әңгімесін мемлекеттік тілде жалғастырған.

Ал қоғамдық автобустардағы жолақының бірден 20 теңгеге қымбаттап, 70 теңге болуын әкім нақтылап түсіндіріп бере алмады.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!