Қыздар арасындағы тұңғыш республикалық құран жарысы аяқталды

Фотография - Қыздар арасындағы тұңғыш республикалық құран жарысы аяқталды

фото: muftyat.kz

Мамырдың 5-інде басталған жарысқа республиканың әр аймағынан іріктелген 160 қари қатысты.

395 0

Бүгін Алматы қаласында "Нұр-Мүбарак" университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен "I Республикалық қыздар арасындағы Құран жарысы" мәресіне жетті.

Мамырдың 5-інде басталған жарысқа республиканың әр аймағынан іріктелген 160 қари қатысты. Алғашқы күні 35 адам ақтық сынға шығып, әділқазылар соңғы кезеңге олардың 21-ін іріктеп алды.

Сайысқа Құранның 1,2,3,5,10  параларын жаттаған әр жастағы қарилар қатысқан болатын. Қатысушылардың Құранды жаттауы, Құран оқу ережелерін сақтауы, аяттардың тәпсірін меңгеруі, сүрелердің аудармасын білуі сынды қабілеттерін қазылар алқасы жан-жақты саралап, әділ бағасын берді.

Елімізде тұңғыш рет өткен республикалық Құран жарысында 10 пара бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Айгерім Анарқұл жүлделі І орынды иеленді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы оған 450 мың теңгенің сертификатын салтанатты түрде табыстады. Әділқазылар алқасының шешімімен Айша Ілеспек (Астана) қариға екінші орын бұйырды. ІІ орынның жүлдесі – 370 мың теңге. ІІІ орынға лайық болған Гүлзар Тұрғанжан қариға ("Нұр-Мүбарак" университеті) 300 мың теңгенің сертификаты табысталды. Сонымен қатар, жарысқа қатысқан барлық қариларға қаржылай сыйлық берілді.

Игі шарада Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жүлделі орындарға қаржылай қолдау көрсеткен дін жанашырларына, ұйымдастыру алқасының мүшелеріне ізгі ниетін жеткізіп, алғыс хатпен марапаттады.

Сайыс соңында Бас мүфти мұндай игі істер алдағы уақытта республикалық деңгейде дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарда бар екенін айтып, қыздарға арналған қарилар орталығын ашу да жоспарланып отырғанын жеткізді.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле

"Ислам әйелдің мәртебесін көтерді. Ислам дінінде ең құрметті жандар аналар. Діни басқарма еліміздегі нәзік жандылардың дінімізді терең оқып үйренулеріне барлық жағдайды жасап келеді. Ардақты жандар Ислам дінін білсе, үйренсе дейміз. Халқымызда: «Ұлтыңды тәбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген нақыл сөздер тектен тек айтылмаған. Елімізде қыздарымыздың діни жоғары және діни орта білім алуға барлық жағдайлар жасалған. Алла жазса жақын арада қыздарға арналған қарилар орталығын да ашуды жопарлап отырмыз».

Айгерім Анарқұл  23 жастағы қари, І орын иегері.

Ыстамбұл қаласына барып бір жылда құранды толық жаттап келдім.

"16 жасымнан бастап Құран Кәрімді оқып, жаттауды үйрендім. Тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы медресеге түсіп, Құранды оқуға дағдыландым. Кейін Ыстамбұл қаласына барып бір жылда Құранды толық жаттап келдім. Қазір қатты қуанып тұрмын. Бірінші орынды аламын деп ойламадым. Ұстазыма және осындай игі шараны ұйымдастырып жатқан ел ағаларына алғысымды айтамын".

muftyat.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!