Елбасы Мәскеуде өтіп жатқан Жеңіс шеруіне қатысуда

Фотография - Елбасы Мәскеуде өтіп жатқан Жеңіс шеруіне қатысуда

Шеруге 10 мыңнан астам әскери қызметші, 135-ке жуық жауынгерлік машина, 71 ұшу аппараттары қатысып жатыр.

291 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71-жылдығына арналған әскери парадқа қатысуда. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында жазылды. 

Шеруге 10 мыңнан астам әскери қызметші, 135-ке жуық жауынгерлік машина, 71 ұшу аппараттары (1945 жылғы 9 мамырдан бастап жылдар саны бойынша) қатысып жатыр. 
Ресейдің РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, биыл бұл жаңа әскер мен күш ведомствосы өкілдерінің (Әуе-ғарыш күштері және Ұлттық гвардия) алғашқы қатысуы болып отыр. Сондай-ақ, алаңнан бірінші рет РФ Қорғаныс министрлігі Әскери универститетінің және Хрулев атындағы Әскери материалдық қамтамасыз ету академиясының филиалы - Вольский әскери институтының тәрбиеленушілері - әйел әскери қызметшілер өтеді деп күтілуде. 
Мәскеу астанасы орталығынан дәстүрлі түрде ондаған ұшақтар мен тікұшақтар ұшып өтеді.
Қызыл алаңдағы Жеңіс парадынан кейін Ұлы Отан соғысы сарбаздарының портреттерін көтерген «Мәңгілік полк» акциясының қатысушылары жүріп өтпек. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!