Астанада "Мәңгілік полк" шеруі бірнеше шақырымға созылды

Фотография - Астанада "Мәңгілік полк" шеруі бірнеше шақырымға созылды

Қолына Ұлы Отан соғысына қатысқан туыстарының портретін ұстаған мыңдаған адам Тәуелсіздік даңғылымен жүріп өтті.

372 0

Жеңістің 71 жылдығына орай 3 мыңға жуық адам "Мәңгілік полк" шеруіне қатысты, деп хабарлайды Bnews.kz.

Шеруге қатысушылар Тәуелсіздік көшесінен "Отан қорғаушылар" мемориалына дейін жүріп өтіп, "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар, шараға 4 бронетехника, 8 әскери машина қатысты.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткен жылы аталмыш шараға 2 мыңға жуық адам қатысса, осы жылы олардың саны 3 мыңға жуықтаған.

Фото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман Мухатов

"Мәңгілік полк" шеруінің құрамында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл майдангерлері және соғыста қаза тапқан жауынгерлердің туысқандары болды.

Солардың бірі – Барлыбай Әлімжанов. Ол әкесінің соғыста көрсеткен ерлігін еске алу үшін шеруге қатысуды жөн көрген. Әрі осы шараға өзінің отбасын да алып келген.

"Әкем 1941 жылы 19 жасында әскерге шақырылды. Содан Тюмен жаяу әскер училищесін бітіріп, соғысқа қатысты. 1943 жылы 235 атқыштар дивизиясындағы 816 полкта взвод командирі болды. Орел қаласының түбіндегі шайқаста аяғынан жараланды. Ол ерлікпен соғысты. Әкемнің құрметіне осы шеруге қатысып отырмын! Отбасымнан 7 адамды алып келдім", - деді Б.Әлімжанов.

Фото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман Мухатов





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!