"Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!" атты мерекелік іс-шара өтті

Фотография - "Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!" атты мерекелік іс-шара өтті

Мерекелік жиынға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Тыл майдангерлері және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы қатысты.

798 0

Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында Отан қорғаушылар күні мерекесі мен Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай "Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!" атты тақырыппен салтанатты мерекелік іс-шара болып өтті. Бұл туралы, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Баспасөз қызметінен Айдос Байшағыров хабарлайды.

Іс-шараны құттықтау сөздерімен ашқан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Нұрбай Бектұрсынов Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Тыл майдангерлерін және барша жеке құрамды Жеңістің 71 жылдығымен, сонымен қатар Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтап, оларға игі жақсылықтар тіледі. Ол өз сөзінде: "Ұлы Жеңіс мейрамы – Қазақстан халқының ерлігін, батылдығын, абыройын асқақтатумен қатар, бейбіт өмір мен Отан үшін жанын қиған жауынгерлерді еске алатын ерекше маңызды мереке. Осындай мерекенің жалғасып келе жатқанына биыл 71 жыл, және оның тойлануының Тәуелсіздігіміздің 25 жыл толуымен тұспа-тұс келіп жатқаны – біз үшін қосарланған қуаныш" деп атап өтіп, бұндай ерлік дастанын ешқашан ұмыту мүмкін еместігін паш етті. Бұнымен қоса ол, батыр бабалар ерлігінің жалғасы іспеттес Ұлттық ұланның қазіргі заманғы әскери қызметшілерінің ерлігін де естен шығармады, әсіресе күні кеше ғана Елбасының Қаулысымен өз өмірін қатерге тігіп, жас сарбазды өлімнен арашалап қалған полковник Қайрат Үмбетовтің Қазақстандағы ең үлкен награда "Халық қаһарманы" атағына қол жеткізуін нағыз ерліктің үлгісі екендігін зор қуанышпен жеткізді.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

Ұдайы жас сарбаздарға патриоттық тәлім-тәрбие беріп келе жатқан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Геннадий Фалеев пен Ішкі әскерлер ардагері Василий Мезин де барша әскери қызметшілерді төл мерекелерімен құттықтап, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Тыл майдангерлеріне жүрекжарды сөздерін арнады.

Құттықтау сөздерден кейін Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мерекелері қарсаңында  қызметтік міндеттерін адал атқарып, үздік жетістіктерге қол жеткізген офицерлер мен келісімшарт әскери қызметшілерін көтермелеу туралы Ішкі істер министрінің, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бұйрықтары оқылып, үздік әскери қызметшілерге медальдар, грамоталар және бағалы сыйлықтарды Ішкі істер министрінің және Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Әлібек Серәлиев жеке өзі табыс етті.  

Мерекелік жиынға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Тыл майдангерлері және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы қатысып, айтулы мереке күні ерекше құрметке бөленді. Іс-шара соңында  Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Тыл майдангерлеріне арналып дастархан жайылды. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!