Алматыда "Юбилейныйдағы" өрттен бүлінген үйді жөндеуге үш күн берілді

Фотография - Алматыда "Юбилейныйдағы" өрттен бүлінген үйді жөндеуге үш күн берілді

Жөндеу жұмыстарымен айналысатын компанияларға мерзім белгіленді

1204 0

Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Юбилейный" супермаркеті өртенген орында болды. Әкімдік жетекшілігі оқиға орнында қалыпқа келтіру бойынша бірнеше нұсқау берді, деп жазады Today.kz.

"Үйді қалпына келтіру "Юбилейный" супермаркеті иесінің есебінен жүреді, ол Korova Bar иелерінің бірі", - дейді Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.

Сондай-ақ, ол жөндеу жұмыстарына тартылған компания өкілдерімен де сөйлесті.

"Пәтерлер бойынша. Екі кіре беріс те, әр пәтерді бүгіннен қалдырмай 14:00-ден бастап тазалай бастайсыздар. Үш күнде осы пәтерлерді өткізу керексіздер. Кіре беріс пен шатыр жұмыстарына екі күн. Пәтердің іші, балкондар, терезелер, жалпы ішкі кіре берісті қалыпқа келтіру керек", - деп тапсырды Әукенов.

Қала басшылығының тапсырмасы бойынша, 13 мамырда барлық жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс. Өрттен бүлінген пәтерлердің жалпы саны 46.

Фото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз ТолекеФото - Сурет: ©Алмаз Толеке

Естеріңізге салсақ, 10 мамырда таңғысын Алматыда "Юбилейный" супермаркеті өртенген. Өрт шарпыған аумақ 1100 квадрат метрді құрады. Өрт сөндіруге "СПиАСР" ММ құрамынан 115 адам және 21 техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан 28 жасар ер адам зардап шекті. Ауруханада оған қажетті көмек жасалды. Таңғы 9:00-де ол үйіне жіберілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!