Ыстықкөлде арнайы курорттық полиция қызметі құрылады

Фотография - Ыстықкөлде арнайы курорттық полиция қызметі құрылады

Ыстықкөл облысына Бішкектен арнайы әскери қызметшілер полкінің бір бөлігі көшіріледі.

276 0

Демалу маусымы қарсаңында Ыстықкөл курорттық аумағында арнайы полиция қызметі құрылмақ. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиев журналистермен кездесуі кезінде мәлімдеді. 

"Ыстыққөл жағасындағы қауіпсіздікті күшейту үшін арнайы курорттық полиция қызметі құрылады", - дейді ол.
Алмазбек Орозалиевтің айтуынша, Ыстықкөл облысына Бішкектен арнайы әскери қызметшілер полкінің бір бөлігі көшіріледі. Курорттық полиция демалыс үйлері мен пансионаттарды тәулік бойы күзетеді. "Патрульдеу аумағы барынша жаппай адамдар демалатын жерде жүргізіледі", - дейді Орозалиев.
Ыстықкөл жағасында заманауи ақпараттық орталықтар қызмет көрсетеді. Онда туристер өздеріне қажетті ақпаратты алуға мүмкіндігі бар. Аталған орталықтарда полиция қызметкерлері мен дәрігерлер тәулік бойы міндеттерін орындайды. Бүгінде осындай 4 орталық жұмыс істейді. Жергілікті билік алдағы уақытта заманауи ақпараттық орталықтардың санын көбейтуді жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда Ыстықкөл демалыс аумағында 30% бейнебақылау камералары орнатылған. Алайда, облыстың атқамінерлері "Қауіпсіз өңір" бағдарламасы аясында жеке пансионаттарға өз аумағында жеңілдікпен бейнебақылау камераларын орнатуға мүмкіндік бермек.

    bnews.kz



    Загрузка...

    Пікір (0)

    Input is not a number!
    Input is not a email!
    Input is not a number!