Бүгінгі таңда Алмалы ауданында 128 Ұлы Отан Соғысының ардагері тұрады

Фотография - Бүгінгі таңда  Алмалы ауданында 128 Ұлы Отан Соғысының ардагері тұрады

Шараның негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылда еңбек еткен жандарға құрмет көрсетіп, ықылас білдіру.

453 0

Алмалы  ауданы әкімінің  аппараты "Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова атындағы" саябақта Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталуының 71 жылдық мерейтойына орай мерекелік шара ұйымдастырды.

28 гвардияшылар-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоятын салтанатты рәсімге Алмалы ауданының ардагерлері Алматы қаласының "OldTime" ретро-автокөліктер клубының  автокөліктерімен құрметпен жеткізілді, сондай-ақ, автоклуб мүшелері ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтап, Ұлы Жеңіске арнап қалампыр гүлдерін сыйлады. Жаңбырлы әрі бұлтты ауа райы айбынды жеңімпаздардың ұрпақтарына ұрыс даласынан оралмағандарға құрмет ретінде Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға бөгет бола алмады.

 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Тыл ардагерлері үшін Жеңіс күнін тойлау Алмалы ауданында "Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова" атындағы саябақта жалғасып, қала тұрғындары мен қонақтары соғыста опат болған бабаларды еске алып, ортамыздағы ардагерлерді құттықтау үшін жиналды. Ұлы Отан соғысының батыры, генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова көзі тірі ардагерлерді Жеңіс Күнімен құттықтап, аты аңызға айналған 28 гвардияшылар-панфиловшылар дивизиясының ержүрек қаһармандығы – бұл ешқашан да тарих беттерінен өшпейтін халықтың мақтанышы мен естелігі екендігін атап өтті.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

Ауданның шығармашылық ұжымы қатысқан концерттік бағдарламаны Алмалы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырды. Сахна төрінде әскери жылдардағы әндер шырқалды. Одан басқа, дәстүрлі әскери ботқа  пісірілген дастархан жайылды. Шараға Ұлы Отан соғысы мен  тыл ардагерлері, Ауғанстан мен жергілікті соғыс ардагерлері шақырылды.

 Шараның негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылда еңбек еткен жандарға құрмет көрсетіп, ықылас білдіру. Мұндай сипаттағы шаралар ардагерлерге олардың үзеңгілестерімен кездесіп, бір-бірін құттықтап, өткен күндерді еске алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Мерекелік жиын ардагерлеріміздің ерлігін ұлықтай отыра, өскелең ұрпаққа оларды үлгі етіп, патриоттық тәрбие береді.  Одан бөлек, батыр әкелер мен жеңімпаздардың буынын ел азаматтары мен өскелең ұрпақтың рухын көтеруге себеп болатыны айтпаса да түсінікті.

Бүгінгі таңда  Алмалы ауданында 128 Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері, соғысқа қатысқандардың 5 отбасы, 19 қоршауда болғандар, 16 концлагерь тұтқындары, 3749 тылда еңбек еткен жандар тұрады.


 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!