Жер Кодексі нормаларын түсіндіру бойынша Call-орталық өз жұмысын бастады

Фотография - Жер Кодексі нормаларын түсіндіру бойынша Call-орталық өз жұмысын бастады

Call-орталықтың негізгі мақсаты облыс тұрғындарына жер заңнамалары ережелерін түсіндіріп, жедел ақпарат беру.

423 1

Ақтөбе облысында ҚР Жер Кодексі нормаларын түсіндіру бойынша Call-орталық өз жұмысын бастады. Бұл туралы облыстық жер қатынастары басқармасының жетекшісі Қабай Сәрсенғалиев хабарлады. 

Оның айтуынша, аймақта өз жұмысын бастаған Call-орталықтың негізгі мақсаты облыс тұрғындарына жер заңнамалары ережелерін түсіндіріп, жедел ақпарат беру.
Шұғыл желі осы аптада жұмыс істей бастады. 544-464 байланыс телефонына қоңырау шалу арқылы тұрғындар өздерін қызықтырған сауалдарға толық жауап ала алады.
- "Шұғыл желі" аптасына жеті күн сағат 8-00-ден 20-00-ге дейін қызмет етеді. ҚР Жер Кодексіне енгізілген өзгертулерге тұрғындар тарапынан болған қызығушылық осындай шұғыл желінің қажеттілігін аңғартып отыр. Мемлекет басшысы Жер Кодексіне енгізілген өзгертулерге мораторий жариялау жөнінде шешім қабылдады. Аймақ басшысы тарапынан аталған өзгертулерді түсіндіру бойынша ауқымды шаралар қолға алынғанымен, ақтөбеліктер тарапынан қызығушылық бәсеңдемей келеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Call-орталық ашылып отыр, - деп атап өтті Сарсенгалиев. 



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Мейрамбек еламан 12 мам. 2016

Баспана жайлы жас отбасыларга жер беру жайлы акпарат бере аласыздарма

Жауап беру