Германияда "Ердоған-бургерге" сұраныс артты

Фотография - Германияда "Ердоған-бургерге" сұраныс артты

Германияның Кельн қаласындағы Urban Burgery мейрамханасында "Ердоған-бургерге" тапсырыс берушілердің саны артып келеді.

219 0

Бургерді шығарған күні Түркия басшысының жандайшаптары мекеменің қожайыны Йорг Тиманға қоқан-лоққы жасап, мейрамхана 3 күнге жабылып қалған еді. Қазір мейрамхана жұмысын қайта бастап, "Ердоған-бургерді" жегісі келетіндер саны бұрынғыдан да арта түскен, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біз "Ердоған-бургерге" тапсырыс тоқтамайынша, не Ердоған қазіргі жүргізіп отырған саясатын өзгертпейінше, оны сата береміз", - дейді Йорг Тиманн.

Қазір бұл тағамды жегісі келетіндер Кельннен ғана емес, өзге де өңірлерден ат арытып келіп жатыр. Мейрамханаға келушілердің 75 пайызы осы тағамды сұрайтын көрінеді.

Тиманның айтуынша, оның Facebook-тегі жеке парақшасына күн сайын қоқан-лоққы жасап, хат жазатындар көбейген. Өнімді шығарған күннен бастап мейрамханада жұмыс істейтін түріктің 3 қызметкері өз еркімен қызметінен кеткен.

Мейрамхананың жұмысын тоқтатпауына ел үкіметі де мүдделі болып отырған сыңайлы. Жуырда Германияның ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері мекемеге бейнебақылау камераларын орнатып кетіпті.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!