Елімізде шығарылған катер Есіл өзеніне шығарылады

Фотография - Елімізде шығарылған катер Есіл өзеніне шығарылады

Биылғы маусымда елімізде шығарылған «Kazboat-47» патрульдік катері қолданысқа беріледі

282 0

Биыл елордада кеме жүзу маусымы ауа райының қолайлы болуына қарай 18-25 мамырда басталады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі кезде алты жолаушылар кемесі жасақталып, көліктік бақылау органдарында аттестациядан өткізілді. 17 мамырда кемелерді сынақтан өткізу ұйымдастырылады.

Айта кетейік, биылғы маусымда елімізде шығарылған "Kazboat-47" патрульдік катері қолданысқа беріледі, ол қала ішінде Есіл өзенінің акваториясын патрульдейтін болады. Катер күн сайын сағат 14.00-21.00 қыркүйек айына дейін толыққанды полиция пункті қызметін атқарады.  

Кемеде жүзу тарифтері өзгермейді. Ересектер үшін билеттің құны - 1000 теңге, балалар үшін – 500 теңге. Жолаушыларды отырғызу және түсіру "Кенесары" ескерткішінің жанындағы айлақта жүзеге асырылады. Катер "Кенесары" ескерткішінен Radisson қонақ үйі, Шұбар шағын ауданы, "Жыл мезгілдері" паркі және ескерткішке дейін айналып жүреді, маршруттың ұзындығы – 18,8 км. Кемелер қызметі күн сайын сағат 12.00-ден 21.00 дейін ұсынылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!