Бас мүфти Сингапурдың "Халал сапа орталығының" басқарушы директорын қабылдады

Фотография - Бас мүфти Сингапурдың "Халал сапа орталығының" басқарушы директорын қабылдады

Осы уақытқа дейін халал өнімдерін өндіретін 41 кәсіпорынына Діни басқарманың сертификаты берілген болатын.

307 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Сингапурдан келген делегацияны қабылдады. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтқанда, Сингапурдың "Халал сапа орталығының" басқарушы директоры Самад Салим, бас менеджері Сулайман Мастам Бас мүфтимен халал индустриясын дамыту, халал өндірісінің әлемдегі жай-күйі, екіжақты рухани байланысты жандандыру т.б. мәселелері төңірегінде пікір алысты.

Ресми кездесуде Бас мүфти халал стандарттау саласы бойынша Діни басқарманың соңғы уақытта қолға алған жұмыстары жайлы айтып берді. Сондай-ақ, екі жақты тәжірибе алмасу, халал саласындағы байланысты арттыра түсу мәселелері талқыланды.

Фото -

"Соңғы уақытта халал – индустриялық дамуға үлесін қосатынын, әрбір адамның денсаулығы мен қоғамдық белсенділігіне дейін тікелей әсерін тигізетінін әлем елдері мойындады. Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы бағыттағы жұмыстарды ілгерілетіп, халал стандарттау саласын дамыту жолында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Қазір дін қызметкерлері арнайы бағдарлама бойынша оқыту курстарынан өтуде. Халал стандарттау саласы бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымы және Малайзия мемлекетімен әріптестік байланыс орнаттық. Біз сіздермен де осы сала бойынша тәжірибе алмасуға, әріптестік байланысты нығайтуға дайынбыз", – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін халал өнімдерін өндіретін 41 кәсіпорынына Діни басқарманың сертификаты берілген болатын.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!