"Юбилейныйдағы" өрттен кейін арнайы комиссия он күнде барлық кафелерді тексереді

Фотография - "Юбилейныйдағы" өрттен кейін арнайы комиссия он күнде барлық кафелерді тексереді

Кафелердің иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

162 0

Алматыда "Юбилейный" супермаркеті өртенгеннен кейінгі құрылған комиссия тұрғын үйлерге іргелес салынған барлық кафелерге тексеріс жасауда, деп жазады Today.kz. Алматының барлық ауданында  жалпы саны сегіз топ жұмыс істеуде.

"Жақында ғана "Юбилейный" дүкені өртенді, үлкен шығын келді, осыдан кейін қала басшысы барлық аудан әкімдеріне жұмыс топтарын құруды тапсырды. Көпқабатты үйлердің астында орналасқан барлық ойын-сауық орындары тесеріледі. Бостандық ауданының әкімі 12 мамырда жұмыс тобын құрды. 14 нысанды қарап үлгердік. Қазіргі кезде біздің міндетіміз – демалыс орындарын тексеріп,  иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу", - дейді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Асқар Райқұлов.

Рейд барысында кафлелер мен мейрамханаларға визуалды тексеріс жасалады. Жұмыс тобына прокуратура, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, жер инспекциясы басқармасының, сәулет және қала құрылыс, ІІАБ, СЭС, салық комитеті мен ТЖ қызметкерлері кіреді. Барлығы 10 адам.

"Кешегі күні бірнеше кафеден газ балондары табылды. Төрт кафеде өрт дабылы болмады. Қазір ескерту жасалып, бұзушылықтарды түзеуге 10 күн береміз. Тексеріс актісі толтырылып, суретке түсіріп жатырмыз. Мұндай кафелерден кейін үйге іргелес емес, жеке тұрған орындарға көшеміз", - дейді Асқар Райқұлов.

Комиссия қала бойынша 10 күн бойы жұмыс істейді. 200 адамнан артық сыйымдылығы бар орындарға талаптар өзге болады, олар үшін қауіпсіздік тұрғысынан стандарттар бөлек.

ТЖ маманы Мақсат Теміржан барлық кафе иелеріне 50 квадрат метрге, бес килограммдық ОП-5 бір өрт сөндіргіштен келу керектігін ескертеді. Қосымша шығатын жерлер туралы ұмытпау керек: 300-400 адамға арналған залдарда екі шығатын жер болу керек.

Естеріңізге салсақ, 10 мамыр күні Алматыда "Юбилейный" супермаркеті өртенген болатын. Өрт шалған аумақ 1100 квадрат метрді құрады. Өртті өшіруге "СПиАСР" мемлекеттік мекемеден 115 адам және 21 техника жұмылдырылды. Қала басшылығы үйді қалпына келтіруге үш күн мұрсат берген. Барлық шығын Korova Bar кафесінің және "Юбилейный" супермаркетінің иесінен есебінен өтеледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!