Бауыржан Байбек Алматы әкімдігі құрылымын өзгертті

Фотография - Бауыржан Байбек Алматы әкімдігі құрылымын өзгертті

Төрт басқарма қайта құрылды

301 0

2016 жылдың 12 мамырында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қала әкімінің жаңа құрылымын бекітті және әкімнің орынбасаралары мен аппарат басшысының өзара атқаратын міндеттері айқындалды, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Төрт басқарма қайта құрылды: екі басқарма біріктіріліп, Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы атанды.

Мәдениет басқармасы мен Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы да бірігіп, Мәдениет, мұрағаттар және тіл басқармасы болып қайта құрылды.

Бұлардан өзге, Алматы қаласы әкімі аппараты штатының және бірқатар басқармалардың қысқаруы есебінен идеологиялық жұмысты күшейту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында әр аудандық әкімдікке 3 шаттық бірліктен бөлінді.

Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары арасында мына мәселелер қайта бөлінді:

1) әкімнің орынбасары Р. Т. Тауфиковке құзырына: жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары; әкімнің орынбасары А. О. Қырықбаевтың қарауында болған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері;

2) әкімнің орынбасары А. А. Жүнісоваға Р. Т. Тауфиковтың құзырындағы туризм мен сыртқы байланыс мәселелері;

3) Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. А. Сембековке Р. Т. Тауфиковтың қарауында болған тұрғын үй және тұрғын үй инпекциясы мәселелері берілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!