Шымкентте жастар орталығында психологиялық көмек бөлімі ашылды

Фотография - Шымкентте жастар орталығында психологиялық көмек бөлімі ашылды

Бөлімде төрт психолог - кеңесші жұмыс істейді

325 0

Бүгін облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығында" 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға қолдау көрсету мақсатында психологиялық қызмет көрсету және дағдарыстың алдын-алу бөлімі ашылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бөлімде төрт психолог - кеңесші жұмыс істейді. Бұл жерде қиын жағдайда қалып қойған жасөспірімдерге орталықтандырылған сымтетік (Call-центр) арқылы психолог мамандар тегін көмек көрсететін болады. Сондай-ақ, рухани жәрдемге мұқтаж жандар үшін тренинг залы, жеке қабылдау бөлмесі арнайы керекті құрал-жабдықтармен жабдықталып, толық пайдалануға берілді.


Сонымен қатар, аталған орталықта жастар мен жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің және аутодиструктивті оқиғалардың алдын-алу мақсатында 10 жоғары және арнаулы оқу орындарында кездесулер және жас отбасылармен «Неке және Отбасы» тақырыбында сабақтар ұйымдастыру, жеке психологиялық мәселелері бойынша жүгінген азаматтарға моральдық тұрғыда қолдау көрсету, дұрыс шешім қабылдауын ұғындыру, тиісінше проблемалық мәселелерін шешуге көмек көрсету жөнінде түрлі іс-шаралар жүргізіледі деп күтілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!