ОҚО-да жыл басынан бері 92 оқушы жүкті болған

Фотография - ОҚО-да жыл басынан бері 92 оқушы жүкті болған

Облыстың бас мұғалімінің сөзіне қарағанда мұның бәріне ата-аналардың салғырттығына орын алып отыр

353 0

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 92 оқушы қыз жүкті болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz. 

Облыстың бас мұғалімінің сөзіне қарағанда мұның бәріне ата-аналардың салғырттығына орын алып отыр. Олар өздерінің тікелей міндеттерін орындауға бей-жай қараған. "Жүкті болған оқушылардың көбі ата-анасының қамқорынсыз қалған және толық емес отбасылардан шыққан қыздар екені тіркелді. Арасында толыққанды отбасының қыздары да кездеседі.Сондықтан жасөспірімдермен де, ата-аналармен де кездесулер өткізетін жұмыс тобы құрылып, осы бойынша мәселе қаралып жатыр", - деді Қ.Құлжанов. 
Сондай-ақ, Қ.Құлжанов өз сөзінде облыста үш тілде білім беруді енгізуге дайындықтардың жүріп жатқанын атап, "2016 жылы арнайы курстардан бастауын сыныптардың 3452 мұғалімі, 6444 қазақ тілі,орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімі өтеді", - деп қайырды.
Биыл ОҚО бойынша орта мектепті 30 мыңнан аса түлек тәмамдайды. Олардың 1479-ы "Алтын белгі" белгісінен үміткер, 602-сі үздік аттестатқа ұсынылған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!