Ақтауда мас адам мүсінін қиратып кеткен

Фотография - Ақтауда мас адам мүсінін қиратып кеткен

Мүсін мамыр айының соңына дейін қалпына келтірілмек

354 0

Ақтау қаласында жағалауға орнатылған мас адамның ескерткішін белгісіз біреулер сындырып кеткен. Ескерткішті мамыр айның соңына дейін жөндеп, түнгі клубтың ішіне орналастырмақ, деп жазады Today.kz.

"Бұзақылар мүсінді қиратып кеткен, қазір оны жөндеп жатыр. Мамыр айының соңына дейін Жандос атты ғалымның мүсіні "Синоптик" демалыс орнында орнатылады", - дейді ойын-сауық орнының арт-директоры Владимир Малинчев.

Мас адамға ескерткіш 2016 жылы Ақтау қаласында жағалаудағы түнгі клубтың бірінің алдына орнатылған. Онда сәнді киінген ер адам бір қолында шөлмек ұстаған, ал екінші қолымен бағанадан ұсталып тұр. Ақтау тұрғындары мұны ішімдікке әуес адам осылай көрінеді деп топшылаған.

Алайда, клубтың арт-директоры мұны қуаттамады. Оның айтуынша, ескерткіштегі ер адамның қолында ауыз су құйылған шөлмек және мүсіннің аты – Жандос. Ол 19 ғасыр аяғында өмір сүрген синоптика ғалымның құрметіне қойылған.  

"Жандос бос уақытын қыдырумен өткізгенді ұнатқан, дегенмен өзінің білімі мен ұстамдылығымен де аты шыққан. Отырыстардың бірінен кейін ол аяғына тұра алмастай болып шаршаған, осыдан бағананы барып құшақтай алған. Бұл өте сауатты адамның ішпей-ақ осындай жағдайға түсіп қалатындығының мысалы", - дейді  арт-директор.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!