Елордада жол жөндеу жұмыстары Қала күніне дейін аяқталады

Фотография - Елордада жол жөндеу жұмыстары Қала күніне дейін аяқталады

Бүгінде Астананың басты көшелері жөнделіп, көлік қозғалысына кедергі келтіретін қолайсыздықтардың басым бөлігі жойылды.

309 0

Астанада жол жабынын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі кезде 184 мекен жай бойынша жол салу, қалпына келтіру және орташа жөндеу жұмыстары қолға алынды. Үш көшеде жол жөндеудің маршруттық әдісі енгізіліп, 9 көшеде ой-шұңқырлар тегістеліп жатыр, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

– Жол жөндеу жұмыстары басталғалы 157 нысанды қалпына келтіру аяқталды, соның ішінде 39-ы – маршруттық әдіспен жүргізілсе, 118 – ой-шұңқырлар жабылды. Жалпы, жолдарды қайта жөндеу жұмыстарын 1 маусымға дейін аяқтау көзделген. Мекен жайлар бойынша 20 нысанды жөндеу қажет, соның ішінде Орынбор көшесі дайын. Бүгінгі таңда 8 нысанда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы жол құрылысы және жөндеу бөлімінің басшысы Асқар Исаков.

Жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары 1 шілдеге дейін аяқталмақ. Бүгінде Астананың басты көшелері жөнделіп, көлік қозғалысына кедергі келтіретін қолайсыздықтардың басым бөлігі жойылды.

Астана көшелерінде 29 бригада мен 414 жұмысшы еңбек етуде. Сондай-ақ, жол жабынының кемшіліктерін жоюға және ірі асфальт төсеу жұмыстарына 160 артық арнайы техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, жол жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде – тез әрі көлік қозғалысына ешқандай қолайсыздықтар келтірілмейді. Мысалы, 8 мың шаршы метр жол жабынына асфальт төсеу үшін бір ауысымдағы жұмыс уақыты жұмсалады. Демалыс күні Кравцов көшесі толықтай жөнделіп бітті.

Еске салайық, биыл 25,36 км жол салу, жөндеу және қалпына келтіру жоспарланған. Соның ішінде, 15,8 км жол салынады, 1,4 км қалпына келтіріледі және 8,16 км орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!