25-мамырда Астанада түлектер үшін мерекелік кеш өтеді

Фотография - 25-мамырда Астанада түлектер үшін мерекелік кеш өтеді

Ауқымды шараға Астананың білім ошақтарынан қияға қанат қаққалы отырған 4593 түлек қатысады деп күтілуде

324 0

25 мамыр күні сағат 13:00-де "Бәйтерек" монументі алаңында "Біз – ел болашағымыз" тақырыбында мерекелік концерт және "Соңғы қоңырауға" орай мектеп түлектерінің би кеші өтеді, деп хабарлайды Baq.kz .  

 Ауқымды шараға Астананың білім ошақтарынан қияға қанат қаққалы отырған 4593 түлек қатысады деп күтілуде. Бас қаланың үздік өнер ұжымдары өз өнерлерін ортаға салып, ән мен биден шашу шашады. Олардың қатарында "VIVA" шоу-балеті, "Kazakh Percussion Group" барабаншылар тобы, "Z" триосы бар. Сонымен қатар, бас қаланың үздік брэйкданс ұжымдары және М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салмақшы. 
Сонымен бірге, басқа байқаулар мен сайыстар ұйымдастырылып, түлектер үшін тамаша тартулар жасалады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!