Астана мектептерінде еуропалық дипломаттар дәріс оқуда

Фотография - Астана мектептерінде еуропалық дипломаттар дәріс оқуда

Шара мақсаты – астаналық оқушыларды ЕО қызметімен мейлінше жақынырақ таныстыру

1261 0

Елордадағы білім ошақтарының жоғарғы сынып оқушыларына Еуропалық Одақ өкілдігі мен оған мүше мемлекеттердің дипломаттары дәрістер жүргізуде. "Еуропа күні" мерекесін тойлау шеңберінде ұйымдастырылған бүгінгі шара Астана қаласындағы 66 мектепте өтті.

Шара мақсаты – астаналық оқушыларды ЕО қызметімен мейлінше жақынырақ таныстыра отырып, Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығы туралы айтып беру болып табылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқушылар үшін білім беру іс-шаралары Қазақстандағы ЕО өкілдігімен Астана әкімдігінің білім беру бөлімімен бірлесіп, өткен жылы да өткізілген болатын.

Ал бүгінгі дәрісті жүргізген еліміздегі Еуропа Өкілдігінің басшысы, Елші Траян Христеяның пікірінше, мұндай бастамалар оқушылардың білім алуға деген құштарлығын арттырып, қызығушылығын оятатын көрінеді.

"Еуропа күні сағаты» жыл сайын оқушыларда үлкен қызығушылық тудырады. Біздің лекциялар тең білім беру сипатына ие екендігі сөзсіз. Сонымен бірге Қазақстан мен Еуроодақтың ынтымақтастығының дамуына көмектеседі. Көптеген балалар өз білімін Еуропада алуға ниеттеніп отыр, бүгін де пікірталас барысында біздер осы тақырып бойынша көптеген сауалдарға жауап бердік", – дейді ол.

Ағылшын және басқа да шетел тілдерін еркін меңгерген Астана мектептерінің оқушылары бірнеше күнге созылған шаралар аясында Еуропа мәдениеті мен тарихы туралы пікірталастарға белсенді қатысуда. Сондай-ақ қатысушыларға ЕО мен Қазақстан арасында 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қойылған кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімді талқылау мүмкіндігі берілді. Ал сабақ соңында ең белсенді оқушылар ЕО және оған мүше мемлекеттер атынан сыйлықтар мен кәдесыйлармен марапатталды.

Айта кетейік, осы кезге дейін қаладағы 28 орта мектепте Қазақстандағы ЕО өкілдігі ЕО мүше мемлекеттердің елшілері және дипломаттарымен бірлесіп "Еуропа күні сағаты" тақырыбына лекциялар өткізген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!