Астаналықтар "Музейдегі түн - 2016" акциясына қатыса алады

Фотография - Астаналықтар "Музейдегі түн - 2016" акциясына қатыса алады

Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады

221 0

18 мамырда астаналықтар Халықаралық музей күніне орай "Музейдегі түн - 2016" акциясына қатыса алады.  Осы күні  ҚР Ұлттық музейінде сағат 18:00-01:00 аралығында қонақтар үшін көне және қазіргі Қазақстанның тарихымен және мәдениетімен таныстыратын барлық залдарға тегін экскурсиялар ұйымдастырылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Мерекелік шара лазерлік шоумен аяқталады.

– Шара осымен екінші рет өткізілмек. Өткен жылы дәл осы акцияға 23 мыңнан астам адам келді. Биыл азырақ болады деп ойлаймыз. Шара барысында отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сонымен қатар, қонақтар назарына театрландырылған қойылымдар ұсынылады, сиқыршылар, иллюзионистер шеберліктерін ортаға салады. Астаналықтар үшін күні бойы музейге кіру тегін болады және ғылыми қызметкерлеріміз шеберлік дәрістерін өткізеді, – деді ҚР Ұлттық музейдің қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкері Дәурен Жұмабай.

Музей түні "Атамекен" Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінде де аталып өтпек. 18 мамырда сағат 17.00 концерттік бағдарлама ұйымдастырылады, ал сағат 22.00 келушілерге жаңа макеттер таныстырылып, тегін экскурсиялар өткізіледі. Биыл картаға Павлодардағы бас пошта ғимараты, "Қазақфильм" киностудиясы және Алматыдағы Қ. Сәтпаев атындағы музей, Жаркенттегі мешіт, Петропавлдағы С. Мұқанов атындағы музыкалық-драма театры және Тараздағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент қойылмақ. Макеттер еліміздің өңірлерін толықтыра түспек.

Астанадағы С. Сейфуллин атындағы мемлекеттік мұражай да аталмыш акцияға қолдау көрсетеді. Мұражайға кіру тегін.

Айта кетейік, бүгінгі таңда "Музейдегі түн" акциясын өткізу әлемнің 40-тан астам елінде дәстүрге айналған. 


Тегтер:

астана музей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!