Астанада аударылып түскен жедел жәрдемдегі жүкті әйел аман-есен босанды

Фотография - Астанада аударылып түскен жедел жәрдемдегі жүкті әйел аман-есен босанды

Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда

766 0

Астанада жол оқиғасы болған сәтте жедел жәрдем көлігінде болған жүкті әйел қыз бала тауып, 20 күні үйіне жіберіледі. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, деп жазады Today.kz.

№1 перинатальды орталық дәрігерлерінің мәліметінше, әйелге кесарь тілуі жасалды. Операция қиындықсыз өтіп, дүниеге 3,7 килограмм болатын қыз бала келді. Жаңа туылған сәбидің жағдайын жедел бағалаудың жүйесі Апгар көрсеткіші бойынша  нәрестенің жағдайы сегіз-тоғыз балл деп есептелді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл өте жақсы көрсеткіш.

Ауруханаға әйел адам бет және аяқ жарақаттарымен түскен. Оқиға орнында жүкті әйелді травматолог, невропатолог пен окулист қарап, өз шешімдерін айтқан.

Естеріңізге салсақ, ЖКО 13 мамыр күні сағат 21:40-та Орынбор мен Хусейн бен Талал көшелерінің қиылысында болды. Қолда бар ақпарат бойынша, жедел жәрдем жолда басымдық беретін барлық құрылғыларын қосып келе жатқан, жолдағы көліктер оны өткізіп отырғанмен ол өзге көлікке соғылған. Соққыдан жедел жәрдем көлігі аударылып түскен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!