Қалалық мәслихатта жастар мәселелері талқыланды

Фотография - Қалалық мәслихатта жастар мәселелері талқыланды

Басқарма жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту бағытында да белсенді жұмыс жүргізіп отыр

913 0

Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында жастарды мемлекеттік қолдау және оларды Астананың қоғамдық өміріне тарту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана – жастардың, дарынды және белсенді адамдардың қаласы. Ресми мәліметтерге сәйкес, бүгінгі таңда Астана қаласында 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 213,4 мың адам немесе қаланың жалпы демографиялық көрсеткішінің 25% құрайды. Өткен жылы 30 астам жоба жүзеге асырылып, 150 астам шара ұйымдастырылды. 2016 жылдың басында 13 аула клубы жұмыс істеп, олар 2500 бала мен жасөспірімді қамтып отыр.

Басқарма жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту бағытында да белсенді жұмыс жүргізіп отыр, негізінен жастардың кәсіптік бағдарына баса назар аударылады.

- "Жасыл ел" бағдарламасы белсенді түрде қолға алынған, оның шеңберінде жыл сайын мыңдаған студент құрылыс және қаланы көгалдандыру салаларында жұмыс істейді. 2015 жылы аталған бағдарлама шеңберінде 1500 астам жастар түрлі ірі компанияларға жұмысқа орналастырылды. Биылдан бастап 300 астам адам ЭКСПО қалашығын салуға қатысып отырғанын айта кету керек, - деді Астана қаласы жастар саясаты басқармасы басшысының м.а. Ербол Рыспаев.

Талқылау барысында комиссия мүшелері қазіргі кезде аула клубтарының мүшелері тиісті деңгейде жолға қойылмағанын, сол себепті жастардың біршама бөлігі қамтылмай қалып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, жұмыссыз жастармен жүргізілетін жұмыстардың да кемшін тұстары бар. Депутаттар барлық мүдделі мемлекеттік құрылымдарды тарта отырып, азаматтардың осы санатын еңбекке орналастыру бойынша жұмыстарды белсендіру қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғын үй мәселесі де шешілмей келеді.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері барлық ескертулерді ескере отырып, басқарма қызметі туралы есепті келесі отырыстарда қайта тыңдау туралы қорытынды жасады.

Сонымен қатар, отырыста ревизиялық комиссияның қалалық Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасында, Жастар саясаты мәселелері басқармасында жүргізілген аудиторлық шаралардың қорытындысымен танысты.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесі бойынша осы саладағы үйлестірушіні анықтап, қаланы сыртқы тақырыптық ресімдеу, елордада мәдени имиджілік және әлеуметтік маңызы бар шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейтін бірыңғай құжат әзірлеу мәселесін қарау ұсынылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!