Ақтөбеде 270 отбасы баспаналы болды

Фотография - Ақтөбеде 270 отбасы баспаналы болды

"Нұр Ақтөбе" шағынауданында орналасқан көпқабатты үй "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасы бойынша салынды

213 0

Ақтөбелік 270 отбасы Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша пәтерге ие болды, деп хабарлады 24.kz.

"Нұр Ақтөбе" шағынауданында орналасқан көпқабатты үй "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасы бойынша салынды. Пәтерлердің кілтін облыс басшысы Бердібек Сапарбаев салтанатты түрде табыс етті. "Өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламасының "Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй" бағыты бойынша облыста 14 көпқабатты үй пайдалануға берілген. Соның нәтижесінде 2832 адам баспаналы болған. "Жас отбасыларға арналған тұрғын үй" бағдарламасы бойынша 432 пәтерлі 2 үй салынып, пайдалануға берілді. Бұл пәтерлердің бағасы нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен. Тоғыз қабатты жаңа үйдегі пәтерлердің әр шаршы метрі 100 мың теңгеге бағаланып отыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!