ШҚО-да Күршім ауданының ішкі нарығы жергілікті өнімдермен қамтамасыз етілмек

Фотография - ШҚО-да Күршім ауданының ішкі нарығы жергілікті өнімдермен қамтамасыз етілмек

Күршім ауданы биыл жыл көлемінде тұрғындарды тек ауданда өндірілген азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр

188 0

Күршім ауданы биыл жыл көлемінде тұрғындарды тек ауданда өндірілген азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Атап айтсақ, әрқайсысының құны 30 млн теңге болатын ет цехы мен сүт фермасын іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығы.

ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаев айтып өткендей, осы уақытқа дейін аудан тұрғындары сырттан әкелінген сүт, ет өнімдері мен көкністерді тұтынып келген. Бірақ, биылғы жылдың тамыз айынан бастап ауданда етті өңдеп, шұжық және консерві шығаратын цех өз жұмысын бастайды. Сондай-ақ, 50 және 100 бас сауын сиырға арналған екі сүт фермасының құрылысы да аяқталады.

"Ауданда Елбасының 5 институционалдық реформасы Ұлт Жоспары «100 нақты қадам» стратегиясындағы экономикалық өсімге бағытталған қадамдарды іске асыруға аса үлкен екпін жасалып отыр. Алдағы уақытта ауданда өндірілетін ет, сүт өнімдерін сыртқа экспортқа шығармастан бұрын, ішкі нарықты қамтамасыз етуді көздеп отырмыз", – деді Сейсенғазы Чукаев.

Бұдан бөлек аудан басшылығы өзге аймақтардан әкелінетін көкөніс өнімдерін де жергілікті көкөніспен алмастырмақ. Тіпті, ауданда орналасқан әскери бөліммен келісімшартқа отырып, жыл көлемінде табиғи, сапалы көкөніспен қамтамасыз етуге келіскен


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!