Қызылордада жаңа үлгідегі автобус паркі салынуда

Фотография - Қызылордада жаңа үлгідегі автобус паркі салынуда

Автобус паркінің құрылысы толық аяқталып, іске қосылған жағдайда 250 – 300 тұрғын жұмыспен қамтылмақ

345 0

Қызылорда қаласында жалпы аумағы 5 гектар жерге, сыйымдылығы 200 қоғамдық көлікке лайықталған жаңа үлгідегі автобус паркі салынуда. Бұл автопарктің ерекшелігі, қала көлемінде қызмет көрсететін үлкен сыйымдылықтағы автобустарға арналған тұрақтар, жанармай бекеті, көлік жуу алаңы және автобустардың үздіксіз жұмыс жасауына жағдай жасайтын түрлі мүмкіндіктер қарастырылатын болады, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Автобус паркінің құрылысы толық аяқталып, іске қосылған жағдайда 250 – 300 тұрғын жұмыспен қамтылмақ. Сонымен қатар қоғамдық көліктердің қызметін сапалы ұйымдастыру мақсатында Қорқыт ата көшесі, Темір жол вокзалы мен Саламатов көшесі бойында 3 диспетчерлік пункттердің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен.
Қала аумағында Арай-2, СПМК-70 секілді жаңа мөлтек аудандар ашылуда, осыған байланысты осы аудандарға қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыру бағытында да жол сызбалары әзірленуде.
Жалпы, бүгінде қалаішілік 25 бағыттағы және қаламаңына қатынайтын 6 бағытта, барлығында шамамен 840 автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетуде. 
2013 жылдың желтоқсан айынан бастап, осы мақсатта жарияланған арнайы конкурстың жеңімпазы ретінде қалаішілік және қала маңындағы жолаушылар тасымалымен «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-гі айналысып келеді.
Қызылорда облысының әкімдігі мен "Байқоңыр" ӘКК" АҚ және "Еуропалық қайта құру және даму банкі" арасында үш жақты меморандум негізінде қалаға қосымша 92 дана үлкен сыйымдылықтағы заманауи автобустардың келуі 3 кезеңмен жоспарланса, бірінші кезеңде сынақтан өтіп сәйкестендіру құжаттары рәсімделген 10 автобус пайдалануға берілді. 
- Қалалық маршруттарға үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустарды енгізу кезінде болуы мүмкін әлеуметтік тұрақсыздықтың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдасын. Босап қалған кіші сыйымдылықтағы қоғамдық көліктерді басқа маршруттарға бөлсін. Ешкім жұмыссыз қалмасын, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!