Жеңілдікті көлік карталарын беру пункті техникалық себептер бойынша жабық болады

Фотография - Жеңілдікті көлік карталарын беру пункті техникалық себептер бойынша жабық болады

Техникалық үзіліс карточкалардың жалпы санының жартысы берілген уақытқа алдын ала жоспарланған болатын

141 0

Техникалық себептерге байланысты азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін ASTRA PLAT көлік карталарын беру пункті жабылады , деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Астана LRT" ЖШС Төлем жүйелері орталығының мәліметіне сәйкес, техникалық үзіліс карточкалардың жалпы санының жартысы берілген уақытқа алдын ала жоспарланған болатын. Қазіргі кезде мамандармен 54 мың картаның 26 мыңға жуығы берілген.

"Процедура автоматтандырылған, оператор арнайы қосымшаға азаматтың мәліметтерін енгізеді, сонда қажетті картаның қай секторда, қай қорапта жатқанын көреді. Бұл бір адамға 2-3 минуттың ішінде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Осы күнге дейін карталардың жартысы таратылды. Сәйкесінше, кейбір қорапта карта көп, кейбірінде аз. Сондықтан, біз қалған карточкаларды реттеу үшін техникалық үзілісті алдын ала жоспарлаған болатынбыз", - деді Төлем жүйелері орталығының директоры Сергей Попов.

Еске салайық, 2016 жылғы 4 мамырда қоғамдық көлікте "ASTRA PLAT" электронды жолақы төлеу жүйесін енгізу аясында "Жастар" сарайында азаматтардың жеңілдетілген санатына атаулы көлік карталары таратыла бастады. Жобаның бірінші кезеңін 31 мамырға дейін іске қосу және экспресс пен қала маңына қатынайтын маршруттарды қамту көзделген. Бұл жүйе тасымалдау қызметтері үшін қаржы түсімінің айқындылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!