Елордада техникалық білім көрмесі өтеді

Фотография - Елордада техникалық білім көрмесі өтеді

Мектеп оқушыларына еңбек нарығындағы жағдай, елордадағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы қажетті ақпараттар ұсынылады

247 0

23 мамырда сағат 10.00-16.00 аралығында Кәсіптік-техникалық колледжде "Астана – тең мүмкіндіктер қаласы" атты техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының көрме-фестивалі өтеді. Іс-шараға жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мектеп оқушыларына еңбек нарығындағы жағдай, елордадағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы қажетті ақпараттар ұсынылады. Олар техникалық мамандықтармен жақынырақ танысып, болашақ мамандықты таңдай алады.

Шара аясында кейбір мамандықтар бойынша шеберлік дәрістері өткізіледі. Көрмеге қатысушылар тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу жолдарымен, сондай-ақ, "Шаштараз өнері және сәндік косметика", "Дизайн", "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандықтары бойынша берілетін біліммен танысады, медбикелік іс мамандығы бойынша студенттер өз машықтарын көрсетеді. Фестиваль барысында аспаздық өнімдер демонстрациясы, студенттердің шығармашылық жұмыстарынан көрмесі ұйымдастырылады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!