Нәрестені қоқыс багына тастап кеткен қыздың отбасы баланы асырап алмақ

Фотография - Нәрестені қоқыс багына тастап кеткен қыздың отбасы баланы асырап алмақ

Қазіргі кезде 18 жасар ана депрессияға түскен

759 0

Қарағанды облысында жаңа туған нәрестесін қоқыс багына тастап кеткен студент қыздың ата-анасы баланы өзіне алуға дайын, деп жазады Today.kz стуеднт қыздың әпкесіне сілтеме жасай отырып. Ол отбасы туралы анкеталық мәліметтерді жарияламауды өтінді.

"Біз баланы өзімізге алсақ деп едік. Ол біздің туғанымыз ғой. Егер заң бойынша мүмкін болса, біз құжаттарды толтырып, баланы алып кетеміз", - дейді қыздың әпкесі.

Оның айтуынша, сіңілісі қазір депрессияға түскен. Осы оқиғаға байланысты қиын жағдайда жүр.

Дегенмен, Жезқазған прокуратурасында істің соңы қалай аяқталатыны белгісіз екенін айтады. "Баланы алғысы келе ме, жоқ па, олай болды ма, жоқ па, ол туралы ештеме айта алмаймын. Бұлай істеу олардың құқы. Мен ештеме де айта алмаймын, тергеу жүріп жатыр", - дейді прокуратура өкілі Руслан Рахимбеков.

Белгілі болғандай 18 жасар студент баланы тастаған соң қайта айналып келіп, пакетті алған. бірақ бұл кезде баланы аула сыпырушы тауып алған болатын. Бұл туралы балаға көмек көрсеткендердің бірі болған,  ауыл тұрғыны Елена Седова айтып берді.

Ал облысытың денсаулық сақтау басқармасында баланың жағдайы жақсарып келе жатқанын айтады: оның жағдайы тұрақты ауыр, бірақ өте емес, өзі тыныс алуда.

Естеріңізге салсақ, қоқыс багынан жаңа туған нәрестені Жезқазған маңындағы Кеңгір ауылының тұрғыны, аула сыпырушы жұмысын атқарып жүрген кезде тауып алған. Кейін оның анасы табылып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кейін сутеднт қызға ата-анасы 18 жасында тұрмысқа шығуға рұқсат бермегені белгілі болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!