Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Фотография - Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Мегаполисте тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қосымша іс-шаралар жүргізілуде.

267 0

Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бейнебақылау камераларына түскен жазбалар талданып жатыр. Сондай-ақ мегаполисте тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қосымша іс-шаралар жүргізілуде. Жағдай бақылауда", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматының бас алаңдарынан жанғыш қоспа құйылған бөтелкелер мен суық қару табылған еді. Кейін тәртіп сақшылары қос пәтерден оқ-дәрі, шолақ мылтықтар мен 5 млн теңге тәркіледі. Осы іске қатысты бес адам ұсталған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!