Жезқазғанда қоқыс багынан табылған нәресте анасының тегіне жазылады

Фотография - Жезқазғанда қоқыс багынан табылған нәресте анасының тегіне жазылады

Ал баланың атын атасы мен әжесі қояды

357 0

Жезқазған маңындағы Кеңгір ауылында 18 жасарстудент қыз қоқыс багына тастап кеткен жеті айлық нәресте анасының тегіне жазылады, деп жазады Today.kz Жезқазған қаласының білім беру бөліміне сілтеме жасай отырып.

"Ойдан шығарылған фамилия нәрестенің анасы табылмаған жағдайда қойылады. Ал бұл жағдайда бізге анасының анкеталық мәліметтері белгілі. Ал әкесінің аты оны әкесі мойындаған жағдайда қойылады", - деп хабарлайды білім бөлімінен.

Ал биологиялық әкесі нәрестенің өз баласы екендігін мойындады. Бірақ, әзірге тек ауызша. Қыздың ата-анасы да баланы өздерінің жиен немересі деп мойындауда, әзірге олар да ауызша ғана.  Олар ауруханаға күніне екі рет келіп, баланың денсаулығын біліп тұрады екен. Балаға атты да атасы мен әжесі бермек.

Естеріңізге салсақ, Қоқыс багынан жаңа туған нәрестені Жезқазған маңындағы Кеңгір ауылының тұрғыны, аула сыпырушы жұмысын атқарып жүрген кезде тауып алған. Кейін оның анасы табылып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кейін сутеднт қызға ата-анасы 18 жасында тұрмысқа шығуға рұқсат бермегені белгілі болды.

Белгілі болғандай 18 жасар студент баланы тастаған соң қайта айналып келіп, пакетті алған. бірақ бұл кезде баланы аула сыпырушы тауып алған болатын. Бұл туралы балаға көмек көрсеткендердің бірі болған, ауыл тұрғыны Елена Седова айтып берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!