Астанада екі жасар Эллина Кульдинаны жерлеу рәсімі өтті

Фотография - Астанада екі жасар Эллина Кульдинаны жерлеу рәсімі өтті

Эллинамен қоштасуға ондаған адам жиналды

406 0

Астанада ондаған адам денесі 21 мамыр күні Нұра өзенінен табылған екі жасар Эллина Кульдинаны жерлеу рәсіміне жиналды, деп жазады Today.kz. Балақай жабық табытта жерленді.

Астраханская тас жолының маңындағы зиаратта қаралы қоштасу болды. Мұнда туыстарынан өзге қыз баланы іздеуге қатысқан еріктілер мен өзге бейжай қала алмаған адамдар жиналды.

Естеріңізге салсақ, Эллина Кульдина 10 мамыр күні Нұра өзенінің маңында отбасылық демалыс кезінде жоғалып кеткен болатын. Оны іздеуге жүздеген еріктілер ат салысқан болатын. Мамырдың 21 күні Эллинаның денесін Р. Қошқарбаев атындағы ауылдан төрт шақырым жерден жергілікті балықшы тауып алған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!