Қала көшелерінде 147 мың шаршы м гүлзар жасалады

Фотография - Қала көшелерінде 147 мың шаршы м гүлзар жасалады

Гүл отырғызу жұмыстары мамыр айында басталып, жалғасын тауып келеді

62 0

Елорданың сәулет-пейзаждық келбетін құруда гүлзарларды безендіру де маңызды болып табылады. Биыл 162 288 шаршы м жерге гүл отырғызужоспарланған, соның ішінде бір және көп жылдық өсімдіктер де бар, 25 мыңға жуық француз раушангүлінің көшеті егіледі, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Гүл отырғызу жұмыстары мамыр айында басталып, жалғасын тауып келеді. Жазда 147 мың шаршы м астам жерге гүлзар жасалады, соның ішінде "Алматы" ауданында - 50 436 шаршы м, "Есіл" ауданында - 80 999 шаршы м, "Сарыарқа" ауданында - 16 155 шаршы м. Гүлбақтарын, аспалы және стационарлық құмыраларды, кашполарды безендіру үшін 7 млн. 700 мыңнан астам бір жылдық гүл отырғызылады.

Сапалы гүлдермен қамтамасыз ету үшін "Астана-Зеленстрой" АҚ екі жылыжайда бір жылдық гүлдер мен төселмелі өсімдіктер көшеттерін өсіреді. Оның үстіне, № 1 жылыжай шаруашылығында кілем тәрізді өсімдіктердің түр-түрі бар. Атап айтқанда, альтернантердің екі түрі, седумның тоғыз түрі, цинерарий, эхеверия, қамыс, ирезине, сантолина, сенецио, бозот және т.б. Піл, керік, тасбақа, хоккейшілер, "Табиғатты аялайық" композициясы, жер шары, түйелер, құмыралар, футбол добы және т.б. тік жасыл фигураларды нақ осы гүлдермен безендірілген. Жалпы, 19 сәндік фигураға 643 мыңға жуық төселмелі кілем тәріздес өсімдік өсірілген. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!