Өскеменде Түркі жазбалары мен мәдениеті күндеріне арналған шаралар өтті

Фотография - Өскеменде Түркі жазбалары мен мәдениеті күндеріне арналған шаралар өтті

Іс-шара аясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде болды

409 0

Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үстіміздегі жылғы 20 мамырда Өскемен қаласында "Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері" аталып өтті.

Ен даланы ат тұяғымен дүбірлеткен Көне түркілік әліпби мен түркі халықтарының бүгінгі мәдениетін насихаттауға арналған бұл іс-шарада тәуелсіз еліміздің тұтастығын бекіте түсетін мәңгілік мұрамыз, ежелгі түркі жазуының кешегісі мен бүгінгісі талқыланып, түркологиядағы қордаланған мәселелердің шешімін табу жолдары іздестірілді.

Іс-шара аясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәжіліс залында "Түркі жазба мәдениеті: тарихи тағлым және тәуелсіздік мұраттары" атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, жетекші түрколог-ғалымдар, өнер және қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияны С.Аманжолов атындағы ШМҚУ стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, филол.ғ.д., профессор Б.А.Ердембеков құттықтау сөзімен бастап, конференцияның жұмысына сәттілік тіледі.

Тарихымыздың аса құнды мұрасы болып саналатын көне түркі жазуы мен мәдениетін насихаттайтын республикалық ғылыми-теориялық конференцияның патриоттық рух пен ұлттық құндылықтарды көтерудегі алатын орны бөлек. Түркі жұртының әлемдік өркениеттегі ұлы мұрасы саналатын көне жазба ескерткіштерін зерделеу, көне түркі тілінен бастау алған алғашқы жазудың пайда болу тарихын көпшілікке жеткізу, түркі дүниесінің мәселелерін зерттеу, әлемдік өркениет үдерісіндегі түркі халықтарының мәдени және рухани мұраларын оқып-үйрену, дамыту және түркі жазу мәдениетінің кешегісі мен бүгінгісін жас ұрпақ санасына терең сіңіру мәселесіне арналып отырған бұл іс-шараның отандық түркологияның күрделі мәселелерін айқындаудағы маңызы зор.

Конференцияға қатысушылар түркі жазбаларына қатысты түсірілген бейнесюжетті тамашалап, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Қаржаубай Сартқожаұлының "Қадым ұйғыр графикасымен жазылған мәтін" атты баяндамасын қызыға тыңдады. Іс-шараның екінші бөлімі Шығыс Қазақстан облысының өлкетану мұражайындағы лекторийге ұласты. Мұнда төл мұрамыз болып табылатын жазба ескерткіштердің географиялық, мазмұндық және дәуірлік мәніне арналған ғылыми-танымдық сипаттағы дәріс оқылады. Конференцияның жабылу рәсімі ретінде ұсынылған концерттік бағдарлама түркі халықтарының өнері мен мәдениетіне арналды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!