15 маусымға қарай елордада алты Bus Lane арнайы жолағы жасалады

Фотография - 15 маусымға қарай елордада алты Bus Lane арнайы жолағы жасалады

Біржақты көлік қозғалысын енгізу жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға және көлік құралдарының орташа жылдамдығын арттыруға жол ашады

179 0

28 мамырда елордада кейбір көшелерде біржақты көлік қозғалысы енгізілсе, 5 маусымда автобустарға арналған Bus Lane жолақтары іске қосылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Біржақты көлік қозғалысын енгізу көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға және көлік құралдарының орташа жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

– Жобаны іске асырудың мақсаты – көше-жол желісіне түсетін жүктемені, жолдардағы апаттылықты азайту, жолдардың өткізу қабілеттілігін, көлік құралдарының орташа жылдамдығын арттыруға. Бірінші кезекте, нақ осы аталған көшелерде біржақты қозғалыс енгізіледі. Содан кейін көліктік талдау жүргізіліп, басқа көшелерді қамту мүмкіндігі қаралады, - деді қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменов.

Бірінші кезеңде 28 мамырдан бастап Әуезов көшесінде (Республика даңғылынан Ә. Молдағұлова көшесіне дейін) және Желтоқсан көшесінде (Мәскеу к-сінен Кенесары к-сіне дейін) біржақты қозғалыс енгізу көзделген. Қазіргі кезде қиылыстарда келісілген фазалық реттеу схемалары бойынша бағдаршам объектілерін күйге келтіру жұмыстары жүргізіліп, жол белгілерін монтаждау аяқталуда.

Екінші кезеңде 10 маусымда Абай даңғылы (Сарыарқа даңғылынан Пушкин көшесіне дейін), Кенесары к-сі (Пушкин көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін), Янушкевич к-сі (Абай даңғылынан Иманов көшесіне дейін) бойынша біржақты көлік қозғалысы енгізіледі.

Қазіргі кезде жол белгілерін қою және алып тастау жұмыстары қолға алынып, ақпараттық жол белгілерін орнатуға және жаяу жүргіншілерге арналған орындар әзірленіп, қиылыстарда келісілген фазалық реттеу схемаларын түзету, жол жабынын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Астана LRT» ЖШС көлік жөніндегі директоры Рустам Халилевтың айтуынша, біржақты қозғалыс кезінде маршруттық желі өзгертілмейді. Автобустар жеке жолақтармен жүретін болады.

– Өткен жылы Bus Lane жобасы қолға алынып, көшелердің алты бөлігінде енгізілді. Ол өзінің тиімділігін көрсетті. Қоғамдық көліктің жылжымалы құрамының орташа жылдамдығы 12-ден 15% дейін артты. Жолаушылар да оң көзқарас танытып отыр, сондықтан жобаны одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданды. Ол үш кезеңмен жүзеге асырылады, – деді Е. Сүлейменов.

5 маусымнан бастап Алаш тасжолында («Магнум» сауда үйінен Уәлиханов к-не дейін), Қорғалжын тасжолында (Бейсекова к-сінен Тұран даңғылына дейін). автобустар үшін жаңа арнайы жолақтар пайда болады. 10 маусымда біржақты көлік қозғалысы енгізілген соң Абай даңғылы мен Кенесары көшесінде де Bus Lane жолақтары жасалады. Үшінші кезеңде 15 маусымнан бастап Жеңіс даңғылында (Есенберлин к-сі - Кенесары көшесі), Бараев к-сінде (Қорғалжын тасжолы - Уәлиханов к-сі) тиісті жұмыстар аяқталады. 

Айта кетейік, Әкімшілік полиция басқармасының жеке құрамы Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жүргізушілер арасында біржақты қозғалыс енгізілген көшемен жүру ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуде. 6 маусымнан бастап тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады.  

- Апаттылық жағдайларын болдырмау үшін Вus Lane жолақтарындағы барлық тұрақ орындары алынып тасталады, – деді Астана қаласының ІІД Әкмшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Уваев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!