Астаналық саябақтардағы жазғы демалыс

Фотография - Астаналық саябақтардағы жазғы демалыс

Әр сенбі-жексенбі күндері сағат 15.00-19.00 аралығында түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылатын болады

298 0

Жазда "Астаналық", "Студенттік", "Жерұйық" және "Арай" парктерінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени-бұқаралық, спорттық, ойын-сауық шаралары өткізіледі. Ашық аспан астындағы шаралар 1 маусымда басталады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Әр сенбі-жексенбі күндері сағат 15.00-19.00 аралығында түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні саябақтарда "Алау", "Айналайын" вокалдық топтары, "Гүлнар","Наурыз" би ансамбльдері, "Браво" пародиялар театры, "Наз" би театры, Астаналық цирк әртістері, Мемлекеттік академиялық филармонияның шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, бұл күні безендірілген арбалар шеруі, велосипедшілер чемпионаты, қуыршақтар спектаклі, Оқушылар сарайының жас суретшілер конкурсы, оригами, ермексаз, ұсақ моншақтардан өнім жасау бойынша шеберлік дәрістері өткізіледі.  

31 тамызға дейін демалыс күндері қалалық шығармашылық ұжымдар, вокалдық топтар өз өнерлерін ортаға салады. Спортқа әуес жандар "Көңілді старт" , "Күшті бол" спорттық акцияларына және т.б. жарыстарға қатыса алады.

- Соңғы кездері ашық аспан астында өткізілетін шараларға басымдық беріліп келеді. Ашық алаңдар – жастардың демалысын ұйымдастыру қызметін ұсынудың мінсіз нысаны. Жалпы алғанда, мәдени және спорттық шаралар халықтың басым бөлігіне қолжетімді болады. Жазда оқушылар демалады, Астанаға туристер көптеп келеді, сондықтан паркте өткізілетін шаралар тартымды болмақ. Өткен жылы осы сияқты шағын акциялар өткіздік. Жыл сайын бұл үрдіс одан әрі қарқын алатын болады, - деді Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.

Айта кетейік, қазіргі кезде әр демалыс сайын Астаналық парк аумағында Fitness Park Astana бұқаралық жаттығулар жасау ұйымдастырылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!