Шенеуніктер гимназиядағы сексуалды астары бар жұмбақ жайында пікірін білдірді

Фотография - Шенеуніктер гимназиядағы сексуалды астары бар жұмбақ жайында пікірін білдірді

Сурет мұғалімі бесінші сынып оқушыларына сексуалды астары бар жұмбақ жасырған-мыс

1008 0

Қарағанды облысының білім басқармасында үлгілі гимназияның мұғалімі бесінші сынып оқушыларына сексуалды астары бар жұмбақ жасырған деген дауға байланысты пікірін білдірді, деп жазады Today.kz. Ведомствода зейнеттегі педагог сурет мұғалімін уақытша алмастырғанын хабарлады. Ата-аналар мәселені көтергеннен кейін ол түсніктемесіз жұмыстан шығып кеткен.

"Татьяна Николаевна Брастилова Қарағандының №38 гимназиясында 1974 жылдан бері істеген, сол жерден де зейнетке кетті. Бірақ еңбек келісімі бойынша факультативтік дәрістер өтікізіп жүрген болатын. Келіп түскен ақпарат бойынша гимназия әкімшілігі қызметтік тергеу бастап, мұғалімнен түсініктеме беруді сұрады. Алайда, педагог айтылғанның бәрін негізсіз деп, жұмыстан өз еркімен шығып кетті. Нәтижесінде ата-аналардың көтереген мәселесін нақтылауға мүмкін болмады", - дейді білім басқармасынан.

Ал гимназияның директоры Наталья Мисюрина оқу мекемесінің үлгілі болып келетіндігін және мұндай оқиғалар болмғанын айтады.

Today.kz тілшісіне оқушылардың бірінің анасы Наталья Тимофееваның айтуынша, № 38 гимназияда бесінші сынып оқушыларына педофилия белгілері бар жұмбақ жасырылған. Бұл жұмбақ туралы оның ұлы сабақтан соң айтып берген.

"Мұғалім: "Балалар жұмбақты шешіңдер, ұшақ апатынан кейін әкесі мен екі айлық баласы қалай жан сақтап қалған?". Балалар түрлі нұсқа айтқан. Дегенмен ешкім шешімін таппаған кезде мұғалімнің айтқаны: "Сендер есейдіңдер шешімін тапсаңдар болар еді ғой. Әкесі баласын ұрығымен тамақтандырған", - деп сабақ барысы туралы естігенін айтып берді Наталья Тимофеева.

Оның айтуынша, бұл жайтты өзге ата-аналар да естіген және гимназияға педагогты жұмыстан босатып, сабақ беруге рұқсат бермеу туралы арыз жазған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!