Алматы облысында "Алтын белгіге" 364 үміткер бар

Фотография - Алматы облысында "Алтын белгіге" 364 үміткер бар

2015-2016 оқу жылында облыс бойынша жалпы білім беретін 737 мектеп, мектепке дейінгі 826 білім беру ұйымы, 70 колледж қызмет істеді

415 0

Талдықорғанда Алматы облысы білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасының орындалу барысы туралы айтып берді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

2015-2016 оқу жылында облыс бойынша жалпы білім беретін 737 мектеп, мектепке дейінгі 826 білім беру ұйымы, 70 колледж қызмет істеді. 2016 жылы білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту үшін бюджеттен 773,2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде білім мекемелеріне компьютерлік техниканы сатып алуға – 313,6 млн теңге, мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 160,3 млн. теңге, білім беру мекемелерінде бейнебақылау жүргізуге – 74,3 млн. теңге бөлінді. 50 білім беру мекемесінің жылу қазандықтарын сыртқа шығаруға 225,0 млн. теңге қаражат қарастырылған.

Биыл 47 (ЖБ-17, ҰҚ-30) білім беру нысанының құрылыс және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып, оған Ұлттық қордан және жергілікті бюджет есебінен 32 млрд. 807 млн. 216 мың теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, биылғы жылы 37 білім беру мекемесіне 7 млрд. теңгеден астам қаржыға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Талдықорған қаласындағы №10 және Панфилов ауданы Х.Хамраев атындағы орта мектептерде бастауыш білім беру стандарты және оқу бағдарламасының апробациясы 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптарда өткізілуде.

Биылғы ҰБТ 1 – 7 маусым аралығында өтеді. 15 ҰБТӨП тестілеу өткізуге дайын, қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.

Облыс бойынша 2015-2016 оқу жылындағы түлектер саны – 13322. "Алтын белгі" белгісінен үміткерлер — 364, үздік аттестатқа – 83.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!